Мазмұнға өту
qandastar.

Ақмола облысында ауыр қақпа ер адамның үстіне құлады

Малика Хамит 24 қаралым
Ақмола облысында ауыр қақпа ер адамның үстіне құлады

Ақмола облысында ауыр қақпа ер адамның үстіне құлап, қабырғасы сынды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ақмола облысындағы Солтүстік өнеркәсіп аймағында өндірістік жазатайым оқиға болды. Қалқа астындағы ауыр қақпа 35 жастағы ер адамның үстіне құлаған.

Полицияның мәліметінше, 1991 жылы туған азамат қабырғасын сындырып алған. Ер адам ешкімге шағымы жоқ екенін айтқан.

Алайда еңбек инспекциясы департаментіне жұмыс берушіден оқиға туралы ресми хабарлама түспеген. Қазір жазатайым оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp