Мазмұнға өту
qandastar.

Ақмола облысында жол апатынан зардап шеккен әйелді құтқарушылар көліктен шығарып алды

Бақытжан Мұса
ТЖМ
ТЖМ

Ақмола облысында «Астана – Петропавл» автожолында жол-көлік оқиғасы болып, әйел адам зардап шекті. Оған Макинск қаласындағы трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Оқиға тасжолдың 360-шақырымында, Ақкөл ауданына қарасты Алакөл ауылының маңында болған.

Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Макинск қаласындағы трассалық медициналық-құтқару пунктінің мамандары жедел жетті. Құтқарушылар зардап шеккен әйелді көліктен шығарып алып, қажетті медициналық көмек көрсетті.

Одан кейін әйел Ақкөл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері де жұмыс істеді.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң орындауға шақырды. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бөлісу: Telegram WhatsApp