Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды Ақорда резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Мәртебелі мейманның құрметіне резиденция алдында Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақтары екі елдің Мемлекеттік туын желбіретіп ұшты.
Салтанатты рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін Президент оркестрі Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Рәсім аяқталған соң екі елдің президенттері келіссөз жүргізді.