Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Салтанатты шараға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны қатысты.
Екі елдің мемлекет басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Оманның мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Рәсім аяқталған соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид келіссөз өткізуге кірісті.
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастың негізгі бағыттары талқыланады.