Мазмұнға өту
qandastar.

АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы туралы ақпарат үшін 20 миллион доллар ұсынады

Бақытжан Мұса
Фото:  Anadolu Ajansı
Фото:  Anadolu Ajansı

АҚШ Мемлекеттік департаменті Иранның ядролық бағдарламасына қатысты маңызды ақпарат берген адамдарға 20 миллион долларға дейін сыйақы жариялады. Бұл бастама «Әділдік үшін сыйақы» (Rewards for Justice) бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Qandastar.kz сайты хабарлады.

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, сыйақы Иранның ядролық нысандары, арнайы жабдықтары және бағдарламаға қатысы бар мамандар туралы құнды ақпарат ұсынғандарға беріледі. Сонымен қатар ақпарат берушілерге басқа елге қоныс аудару мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

Вашингтон бұл қадам арқылы Иранның ядролық әлеуеті туралы мәліметтерді анықтауды көздеп отыр. АҚШ тарапының хабарлауынша, центрифугалар секілді маңызды жабдықтардың өндірісі мен қоры туралы ақпарат толық сақталмаған. Бұған Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) талаптарының орындалмауы себеп болғаны айтылды.

Бұған дейін АҚШ пен Израиль Иранның ядролық нысандарына соққы жасаған. Вашингтон Тегеранның ядролық қару жасауына жол бермеуді әскери науқанның негізгі мақсаттарының бірі ретінде қарастырады.

Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп осы аптада Ирандағы Пикакс тауына соққы жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді. Израиль тарапының болжамынша, бұл аумақта жерасты нысаны орналасқан және онда байытылған уран мен заманауи центрифугалар сақталуы мүмкін.

Ал Иран билігі ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатты көздейтінін айтып, АҚШ-тың ядролық нысандарға шабуыл жасауын қақтығысты одан әрі ушықтыратын әрекет деп бағалады. Тегеран атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға құқығы бар екенін мәлімдеп келеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp