Мазмұнға өту
qandastar.

АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды

Бақытжан Мұса 14 қаралым
Reuters
Reuters

Дональд Трамп әкімшілігі екінші президенттік мерзімі басталғалы бері АҚШ-тың 300 мыңнан астам визасын жойды. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады, деп жазады Qandastar.kz сайты.

Мемлекеттік департаменттің өкілі Томми Пиготтың айтуынша, АҚШ билігі заң бұзған, алаяқтыққа барған немесе елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірген шетел азаматтарына қатысты қатаң шаралар қабылдап жатыр.

Визаларды жою қарқыны соңғы апталарда жеделдеген. Бұған дейін, 2026 жылғы 10 тамызда жарияланған мәліметте, 2025 жылғы қаңтардан бастап 175 мыңнан астам визаның күші жойылғаны айтылған.

Трамп әкімшілігі иммиграциялық бақылауды күшейтіп, шетел азаматтарының әлеуметтік желілердегі жазбаларын да тексеруге басымдық беріп отыр. Сонымен қатар, билік кейбір жұмыс визалары үшін төлемдерді арттырып, заңды иммиграция талаптарын да қатаңдатқан.

Алайда құқық қорғау ұйымдары бұл шаралар азаматтардың сөз бостандығы мен тиісті құқықтық рәсімдерге деген құқықтарын шектеуі мүмкін екенін алға тартады. Әсіресе, Палестинаны қолдап, Израильдің Газа секторындағы әскери әрекеттеріне қарсы шыққан шетелдік белсенділердің визаларының жойылуы сынға ұшыраған.

АҚШ әкімшілігі қабылданып жатқан шараларды ұлттық қауіпсіздікті нығайту және иммиграциялық заңдардың сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндіреді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp