Мазмұнға өту
qandastar.

Ақсу-Жабағылы қорығында фототұзақтар жабайы жануарларды таспаға түсірді

Бақытжан Мұса
Аю. Видеодан кадр: instagram.com/aksuzhabagylymtk
Аю. Видеодан кадр: instagram.com/aksuzhabagylymtk

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында орнатылған фототұзақтар жабайы жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін тіркеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, фототұзақтар жануарлардың қозғалысын, мінез-құлқын және мекен ету ерекшеліктерін бақылауға мүмкіндік береді.

Қорық мамандары жинақталған деректерді биоалуантүрлілікті зерттеу және табиғатты қорғау шараларын тиімді жоспарлау мақсатында пайдаланады.

Фототұзақтарға түсірілген әрбір кадр жабайы жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін тереңірек зерттеуге жол ашады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp