Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбе облысына алғашқы қар түсті

Малика Хамит 102 қаралым
Ақтөбе облысына алғашқы қар түсті

Ақтөбе облысында биылғы алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Табиғаттың тосын сыйын тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісе бастады.

Ақ ұлпа бірнеше елді мекенде байқалған. Қардың жаууы өңірде ауа райының салқындай бастағанын аңғартты.

Осыған байланысты жергілікті полиция тұрғындарға жолдағы жағдайға мұқият болуды ескертті. Температура төмендеген кезде кей жерлерде көктайғақ пайда болуы мүмкін.

Жүргізушілерге жылдамдықты бәсеңдетіп, арақашықтықты сақтауға, ал жаяу жүргіншілерге жолдан өтерде аса сақ болуға кеңес берілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp