Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбе облысында автобусы бұзылған 15 тәжікстандық құтқарылды

Малика Хамит
Ақтөбе облысында автобусы бұзылған 15 тәжікстандық құтқарылды

Ақтөбе облысында жолда қалған шетелдік жолаушыларға құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Техникалық ақауға байланысты автобустағы 15 адам сапарын жалғастыра алмай қалған.

Оқиға түнде республикалық маңызы бар автожолдың 1214-шақырымында болған. Ресейден Тәжікстанға бағыт алған автобус жол үстінде бұзылып, жолаушылар далада қалған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен полиция қызметкерлері жедел жетті. Олар автобуста болған 15 Тәжікстан азаматын, оның ішінде төрт баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Жолаушылар Ырғыз ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Олардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Құтқарушылар жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қажетті көмек көрсеткен.

Бөлісу: Telegram WhatsApp