Мазмұнға өту
qandastar.

«Ақтөбе – Қандыағаш» тасжолының 89 шақырымы ақылы болды

Бақытжан Мұса
Фото: Пресс-служба АО "НК "КазАвтоЖол"
Фото: Пресс-служба АО "НК "КазАвтоЖол"

2026 жылғы 15 қарашадан бастап «Ақтөбе – Қандыағаш» автожолының 89 шақырымы ақылы жүйеге қосылды. Бұл учаске бұрыннан ақылы болып келген «Қандыағаш – Мақат» тасжолының құрамына енгізілді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, жаңа учаскені қосу нәтижесінде ақылы жолдың жалпы ұзындығы 469,5 шақырымға жетті.

Жолдың 11+000 және 87+200 шақырым белгілері аралығында барлық көлік түрінен ақы алынады. Ал қалған бөлігінде төлем тек автобустар мен жүк көліктеріне қатысты. Жеңіл автокөліктер бұл учаскеде тегін жүре алады.

Жеңіл автокөлікпен ақылы бөлікті бір бағытта жүріп өту құны алдын ала төлем жасағанда шамамен 240 теңге, ал сапардан кейін төлеген жағдайда 276 теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта жол бойында көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін автоматты түрде анықтап, төлемді есептейтін 10 бақылау аркасы орнатылған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp