Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбеде 35 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды

Малика Хамит 24 қаралым
Ақтөбеде 35 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды

Ақтөбеде 35 жастағы әйел кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қайғылы оқиғаның сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм мен оған шабуыл жасады деген күдікті бір-бірін бұрыннан таныған. Екеуінің арасында жанжал туындап, ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Кісі өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша Ақтөбе полициясы қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp