Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбеде адам өлтіріп, көлігін айдап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр

Малика Хамит
Ақтөбеде адам өлтіріп, көлігін айдап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр

Ақтөбеде 49 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Марқұмның денесінде оқ жарақаты болған. Қазір полиция адам өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Қайғылы оқиға 16 қарашада болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бетперде киген белгісіз адам жеке үйге басып кіріп, үй иесіне шабуыл жасаған. Кейін ақша мен бағалы заттарды алып, көлігін мініп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

«Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп мәлімдеді Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Полиция тұрғындарды әлеуметтік желідегі расталмаған мәліметтерді таратпауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp