Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбеде өрт кезінде бес адам құтқарылды

Бақытжан Мұса 11 қаралым
ТЖМ
ТЖМ

Ақтөбе қаласында үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы қойма бөлмесінен өрт шығып, құтқарушылар жоғарғы қабаттардан бес адамды аман алып шықты. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Төтенше жағдай түнде Станционная көшесінде болған. Өрттің жалпы аумағы 10 шаршы метрді құрады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіріп, тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарындағы бес адамды құтқарды.

Осыған байланысты ТЖМ тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті. Атап айтқанда, баспалдақ алаңдары мен эвакуациялық шығу жолдарын бөгемеу, қойма бөлмелерінде тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш материалдарды сақтамау, сондай-ақ электр сымдары мен құрылғыларының жарамдылығын қадағалау қажет.

Министрлік түтін немесе өрт байқалған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласуға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp