Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбеде жігіт бұрынғы қызын интимдік суреттермен бопсалаған

Малика Хамит
Ақтөбеде жігіт бұрынғы қызын интимдік суреттермен бопсалаған

Ақтөбеде 21 жастағы бойжеткенді интимдік фото-видеоларын жариялаймын деп қорқытып, ақша талап еткен жігіт ұсталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Күдікті жәбірленушіден екі рет ақша алмақ болған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті бойжеткенмен бір ай бұрын танысып, жақын қарым-қатынаста болған. Кейін ол қызды әлеуметтік желілерде жеке сипаттағы фото-видеоларын жариялаймын деп қорқытып, ақша талап ете бастаған.

Алғашында жігіт қыздан 30 мың теңге алған. Алайда мұнымен тоқтамай, тағы 70 мың теңге талап еткен.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ақшаның екінші бөлігін алып жатқан кезде арнайы операция барысында қолға түсірді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ескерту: Қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес, мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp