Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбедегі ауруханада жұмысшы күйіп көз жұмды

Малика Хамит
Ақтөбедегі ауруханада жұмысшы күйіп көз жұмды

Ақтөбедегі №1 қалалық көпбейінді ауруханада қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Мекеменің техникалық нысандарының бірінде тұтану болып, ауыр жарақат алған жұмысшы ауруханада көз жұмды.

Оқиға 14 қарашада аурухананың оттегі сақталатын аумағында болған. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетіліп, қарқынды терапия жүргізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Бұл туралы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын Төтенше жағдайлар департаменті анықтап жатыр.

Айта кетейік, биыл Ақтөбе облысында өндірісте 56 жазатайым оқиға тіркеліп, 57 адам жарақат алған. Оның үшеуі қаза тапқан.

Бөлісу: Telegram WhatsApp