Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбедегі өрт: құтқарушылар бес үй мен автожуу орнын аман алып қалды

Малика Хамит 33 қаралым
Ақтөбедегі өрт: құтқарушылар бес үй мен автожуу орнын аман алып қалды

Ақтөбеде түнде рестобардың шатыры өртеніп, өрт сөндірушілер жақын маңдағы үйлерге оттың таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға Вавилов көшесінде орналасқан үш қабатты рестобар ғимаратында болған. Түнгі уақытта нысанның шатыры өртеніп, оқиға орнына өрт сөндірушілер жоғары шақырту санатымен жіберілді.

Құтқарушылар тілсіз жаумен күрес кезінде ғимараттан екі оттегі баллонын алып шыққан. Бұл өрт кезіндегі қауіптің алдын алуға мүмкіндік берген.

Сонымен қатар мамандар жалынның маңайдағы бес жеке тұрғын үйге және автожуу орнына таралуына жол бермеді.

Өрт толық сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Қазір өрттің нақты неден шыққаны анықталып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp