Қостанай облысының Арқалық қаласында су айдындарының бірінен қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қайғылы оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және әлеуметтік желілерде расталмаған ақпарат таратпауға шақырды.