Мазмұнға өту
qandastar.

Арыс ауданында агроөнеркәсіп кооперативінің төрайымы 20 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Бақытжан Мұса · · 57 қаралым
Арыс ауданында агроөнеркәсіп кооперативінің төрайымы 20 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Арыс ауданында агроөнеркәсіп саласында аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған дерек тіркелді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап.

Бас прокуратура мәліметінше, “Ы” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы 2021 жылғы сәуірде ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізіп, 2470 бас аналық ірі қара мал мен 120 бас асыл тұқымды бұқа жалға алынған деп көрсеткен. Сол себепті кооперативтің есепшотына мемлекеттен 24 700 000 теңге субсидия аударылған.

Алайда нақты селекциялық жұмыстар тек 18 бас асыл бұқа мен 450 бас аналық ірі қара малға жүргізілген. Осылайша, заңсыз алынған қаражат көлемі 20 200 000 теңгені құраған.

Прокуратура қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2) тармағы (аса ірі мөлшерде алаяқтық) бойынша соталды тергеуді аяқтаған.

Сот төрайымды кінәлі деп танып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру және 5 жылға коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыру жазасын тағайындаған. Заңсыз алынған қаражат толық көлемде мемлекет кірісіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp