Мазмұнға өту
qandastar.

Арыста әскери бөлім аумағында оқ-дәрі жарылды: не белгілі?

Малика Хамит · · 845 қаралым
Арыста әскери бөлім аумағында оқ-дәрі жарылды: не белгілі?

Арыс гарнизонында алаңдатқан жағдай тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында оқ-дәрілердің бөлшектері жарылған.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиғаға аумақтағы құрғақ шөптің тұтануы себеп болған. Өрттің салдарынан бұған дейін кәдеге жаратуға әзірленген оқ-дәрі бөлшектері жарылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, адамдар зардап шекпеген, ғимараттар мен басқа да нысандар бүлінбеген.

Өрт дер кезінде оқшауланып, оқиға орнына тиісті қызметтер жұмылдырылған. Қазір жағдай бақылауда.

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде тараған расталмаған мәліметтерге сенбеуге шақырды.

Ведомство азаматтарға ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуды ескертті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp