Мазмұнға өту
qandastar.

Арыстағы қайғылы жол апаты: үш адам көз жұмды

Малика Хамит · · 463 қаралым
Арыстағы қайғылы жол апаты: үш адам көз жұмды

Арыс қаласында үш адамның қаза болуына әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алдын ала мәліметке сәйкес, JAC маркалы автокөліктің жүргізушісі мас күйінде бірнеше адамды қағып кеткен. Оқиғадан кейін жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған.

Хабарлама түскеннен кейін полиция қызметкерлері жедел түрде іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні қолға түсірді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Апат салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды. Олардың екеуі – кәмелетке толмаған жасөспірімдер. Сондай-ақ екі адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алуда.

Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заң аясында тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Түркістан облысы полиция департаменті тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp