Мазмұнға өту
qandastar.

«Арзан көлік алып беремін» деп алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды

Малика Хамит · · 1 028 қаралым
«Арзан көлік алып беремін» деп алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды

Қазақстанға шетелде жасырынып жүрген алаяқ қайтарылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бас прокуратураның мәліметінше, бірнеше адамды алдап кеткен күдікті Ресейден экстрадицияланған.

Тергеу деректеріне сүйенсек, ол 2023 жылы интернетте шетелдік көліктерді «тиімді бағамен» сататыны туралы жалған жарнамалар жариялаған. Осы тәсілмен кемінде жеті адамды алдап, олардың ақшасын иемденген.

Әдеттегідей, ақша түскен соң күдікті ізін суытып, жасырынған. Оған халықаралық іздеу жарияланып, ақыры 2025 жылдың шілдесінде Ресейдің Белгород облысында қолға түсті.

Қазақстан тарапының сұрауымен ол елге жеткізіліп, қазір тергеу изоляторына қамалған.

Егер кінәсі дәлелденсе, күдікті мүлкінен айырылып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу: Telegram WhatsApp