Мазмұнға өту
qandastar.

Ас үйде өрт шықса, алғашқы минуттарда не істеу керек?

Бақытжан Мұса
ТЖМ
ТЖМ

Ас үйде өрттің шығуына қараусыз қалған плита, шамадан тыс қызған май немесе ақауы бар электр құрылғысы себеп болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға өрт кезінде алғашқы минуттарда дұрыс әрекет ету және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті. Qandastar.kz сайты хабарлады.

ТЖМ мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Қазақстанның тұрғын үй секторында 4 876 өрт тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5 пайызға аз.

Тіркелген өрттердің 50,6 пайызы электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзудан болған. Тағы 18,4 пайызы пешпен жылытуды орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауға байланысты болса, 16 пайызы отпен абайсыз жұмыс істеуден туындаған.

Мамандар ас үйде өрт шыққан жағдайда ең алдымен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қауіпті аймақтан шығу қажеттігін ескертеді. Өртті өз бетінше сөндіру қауіпті болса, дереу 112 нөміріне хабарласу керек.

Сондай-ақ ас үйде тамақ әзірлеу кезінде плитаны қараусыз қалдырмау, майды шамадан тыс қыздырмау және электр құрылғыларының жарамдылығын үнемі тексеру маңызды.

Өрт қауіпсіздігі шаралары мен төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібі туралы толық ақпаратты ҚР ТЖМ-нің ресми сайтынан білуге болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp