Әлеуметтік желіде әскерден оралған немересін күтіп алған әженің әсерлі видеосы кеңінен таралып, көпшіліктің жүрегін елжіретті, дейді Qandastar.kz.
Бейнежазбада әскери борышын өтеп, туған жеріне аман-есен оралған жас жігітті әжесі ерекше сағынышпен қарсы алған сәт көрсетілген. Көптен күткен кездесу кезінде әже немересін құшағына қысып, қуаныштан көз жасына ерік береді. Ал сарбаз да әжесін құшақтап, әсерлі сәттің куәсі болады.
Видеодағы шынайы эмоциялар желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Көпшілік әскери қызметтен аман оралған жігітке ақ тілегін айтып, әже мен немеренің арасындағы ерекше байланысты жоғары бағалаған.
Желі қолданушылары пікірлерінде: «Не деген сағыныш!», «Қуаныштың көз жасы ғой», «Көзге еріксіз жас келеді екен», «Әжелер аман болсын», «Осындай сәттер жүректі тебірентеді» деген жылы лебіздерін білдірген.
Қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинаған видео әлеуметтік желілерде кең тарап, отбасы құндылығы мен жақын жандардың қадірін тағы бір мәрте еске салды.