Фото: ашық дереккөз
Төтенше жағдайлар экс-вице министрі Ибрагим Күлшімбаев апелляциялық сот шешімімен босатылды. Оған Қарағандыда әскери қызметкерлерді ұлына үй салуға мәжбүрледі деген айып тағылған еді, - деп хабарлайды qandastar.kz
Апелляциялық сот оның әрекетін "билігін қолдану" дегеннен "қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" санатына ауыстырды. Осылайша оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі жұмыстарға тартылады.
Естеріңізде болса, бұрынғы шенеунік 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сот шешімі тамыздың 7-сі күні шыққан.