Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі күтіп алды.
Рәсім барысында ерекше көрініс те назар аудартты — Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары аспанда Ресей туының түстерін бейнелейтін ақ, көк және қызыл жолақтар қалдырды.
Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланып отыр.