Мазмұнға өту
qandastar.

Асқар Жұмаділдаев блогерлердің сын айту мәдениеті туралы пікір білдірді

Бақытжан Мұса
sdu.edu.kz
sdu.edu.kz

Белгілі ғалым, академик Асқар Жұмаділдаев қоғамдағы сын айту мәдениеті мен блогерлердің қызметіне қатысты өз ойын ортаға салды. Оның пікірінше, кез келген адамның немесе мемлекеттік жүйенің кемшілігін табуға болады, алайда тек негативке назар аударып, атқарылған жақсы істерді елемеу дұрыс емес. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Ғалым өз ойын мысалмен түсіндірді. Ол бір танысының балабақша ашқанын айтып, мұндай игі істің өзінен де мін іздейтін адамдар кездесетінін жеткізді. Мәселен, балабақшаның асханасынан немесе басқа да тұстарынан болмашы кемшілік табуға болады. Алайда мұндай ұсақ-түйек атқарылған жұмыстың маңызын жоққа шығармауы тиіс.

«Әр адамның бойынан кемшілік табуға болады, әр мемлекеттің тірлігінде де кемшіліктер көп болады. Бірақ соны мақсат қойып, тек сонымен жүру дұрыс емес», – деді Асқар Жұмаділдаев.

Сонымен қатар академик кейбір блогерлердің қоғамдағы мәселелерді көтеру тәсіліне тоқталып, Парламент пен Мәжілістің қызметіне де объективті баға беру қажеттігін атап өтті.

Ғалымның пікірінше, сын айту кезінде тек кемшіліктерді тізбектемей, атқарылып жатқан жұмыстар мен оң өзгерістерді де ескеру маңызды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp