Біріккен күрес әлемі ұйымы (UWW) 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізетін қала ретінде Астананы ресми түрде таңдады. Бұл шешім ұйымның Атқарушы комитеті отырысында қабылданды, дейді Qandastar.kz.
Алғашында дүбірлі дода Бахрейн астанасы Манамада өтуі тиіс болған. Алайда қазіргі геосаяси жағдай мен халықаралық сапарларға байланысты туындаған қиындықтардан кейін жарысты басқа елге көшіру туралы шешім қабылданды.
Спорт нысандарына жүргізілген тексеру мен дайындық деңгейін бағалау нәтижесінде әлем чемпионатын өткізу құқығы Қазақстанға берілді. Турнир Астанадағы Барыс Арена кешенінде ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Қазақстан астанасы бұған дейін де 2019 жылы күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдаған болатын. Ал жарыстың нақты кестесі мен өзге ақпарат кейінірек жарияланады.