2 мамыр күні Алматы, Астана және Шымкент қалаларында ауа райы әртүрлі болады. OpenWeather мәліметінше, бұл туралы Qandastar.kz хабарлаған.
Алматыда бүгін өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін көтеріліп, түнде 14 градус шамасына дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с болады.
Астанада керісінше күн ашық болады. Күндізгі температура 18 градусқа дейін жетсе, түнде 9 градусқа дейін түседі. Жел 7,8 м/с жылдамдықпен соғады.
Шымкентте де жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз ауа 20 градусқа дейін жылынса, түнде 15 градусқа дейін салқындайды. Желдің жылдамдығы 3,3 м/с шамасында болады.