6 маусымда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында әртүрлі ауа райы күтіледі. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Алматыда күн бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады деп болжануда. Күндіз ауа температурасы +22 градусқа дейін көтерілсе, түнде +18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы шамамен 3 м/с болады.
Астанада ала бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз термометр бағаны +25 градусқа дейін жетіп, түнде +15 градусқа дейін төмендейді. Жел 4,8 м/с жылдамдықпен соғады.
Шымкентте жауын-шашынсыз, ашық күн райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +31 градусқа дейін көтеріліп, түнде +18 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы 4,2 м/с деңгейінде сақталады.