2026 жылғы 3 қыркүйектің бірінші жартысында Қазақстанның үш ірі қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің бағамдары әртүрлі қалыптасты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы бойынша 1 АҚШ доллары – 455,4 теңге, 1 еуро – 526,9 теңге, ал 1 рубль – 5,25 теңге.
Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 453 теңгеден сатып алып, 460 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы – 523 теңге, сату бағасы – 533 теңге. Рубль 5 теңгеден сатып алынып, 5,25 теңгеден сатылып жатыр.
Алматыда доллардың орташа сатып алу бағамы 455 теңге, ал сату бағамы 457,2 теңге болды. Еуроны айырбастау пункттері орта есеппен 527,5 теңгеден сатып алып, 533 теңгеден сатуда. Рубльдің сатып алу бағасы – 5,14 теңге, сату бағасы – 5,28 теңге.
Шымкентте доллар орта есеппен 455,2 теңгеден сатып алынып, 457,2 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағамы 527,4 теңге, сату бағамы 532,5 теңге болды. Ал рубль 5,13 теңгеден сатып алынып, 5,21 теңгеден сатылып жатыр.
Айта кетейік, бұл көрсеткіштер материал дайындалған сәттегі мәліметтерге негізделген. Айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары күн ішінде өзгеруі мүмкін.