Мазмұнға өту
qandastar.

Астана әуежайында жолаушы ұшақтан секіріп кетпек болды

bahitzhanabzal · · 201 қаралым
Астана әуежайында жолаушы ұшақтан секіріп кетпек болды

Фото: Ак жайык

Әлеуметтік желіде тараған қысқа видеодан ер адамды ұшақ қызметкері мен жолаушылардың қоршап алғанын көруге болады, деп хабарлайды qandastar.kz

Ұшақтағы жолаушылардың сөзінше, ер адам өзін нашар сезініп тұрғанын айтып, әуе кемесінің алдыңғы жағына барған. Содан соң ол әуе кемесінің ұшуға дайындалып жатқанын біле тұра есікті ашып жіберуге оқталған. Оған жолаушылар мен ұшақ қызметкері жол бермеген көрінеді.

Әлеуметтік желіде аталған оқиғаға қатысты оқырмандар «Фобиясы бар шығар. Тектен-текке олай жасамайды ғой», «Ұшақтың есігін ашып жіберсе, миллиондаған айыппұл төлейтін еді ғой», «Паникалық шабуыл кезінде адам бірден жақсарып кете алмайды» деген секілді түрлі пікір жазып жатыр.

Әуе компаниясы әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімет таратпады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp