Астана халықаралық әуежайында есірткінің заңсыз айналымының зардаптарын көрсететін тақырыптық фотокөрме ашылды. Іс-шара қоғамның назарын нашақорлық мәселесіне аударып, азаматтарға есірткінің зияны мен оның құқықтық салдарын түсіндіруге бағытталған. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Фотокөрмеде есірткі қылмыстарының салдары, заңсыз айналымға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар және құқық қорғау органдарының есірткі қылмыстарымен күресі бейнеленген.
Полиция қызметкерлері мұндай профилактикалық шаралар арқылы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, әсіресе жастар арасында есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыруды көздейді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме келушілерге есірткінің қоғам мен адам өміріне тигізетін зиянын көрнекі түрде жеткізуге мүмкіндік береді.