Адам өмірін құтқару жолында кәсібилік, батылдық және жедел әрекет ету маңызды рөл атқарады. Бұл қасиеттер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы бойынша Апаттар медицинасы орталығы филиалының фельдшері Еркебұлан Мырзабековке тән, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Апаттар медицинасы орталығының фельдшерлері төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетіп, адам өмірін сақтап қалуға атсалысады. Мұндай қызмет жоғары жауапкершілікті, кәсіби білімді және кез келген жағдайда жедел шешім қабылдай білуді талап етеді.
Еркебұлан Мырзабеков те өз қызметінде осы міндеттерді атқарып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға үлес қосып келеді. Оның жұмысы – қиын сәтте көмекке келуге дайын тұратын медицина қызметкерлерінің күнделікті еңбегінің бір көрінісі.