«Астана» мен «Қайрат» командалары арасындағы матчта стадионға жиналған жанкүйерлер саны бойынша Қазақстан Премьер-лигасының жаңа рекорды тіркелді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Кездесуді «Астана Аренада» 28 235 жанкүйер тамашалады. Осылайша, стадионда аншлаг орнап, жанкүйерлерге ерекше атмосфера сыйлады.
Мұндай жоғары көрермен қатысуы «Астана Аренада» соңғы рет 2020 жылы өткен Қазақстан Суперкубогы матчында байқалған еді.
«Астана» мен «Қайрат» арасындағы кездесу 1:0 есебімен аяқталды.