Астана маңындағы жол апатынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды
порталы.
21 маусым күні Астана-Қорғалжын тас жолында үш автокөліктің қатысуымен ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Алдын ала мәлімет бойынша, Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser көліктері соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан екі Toyota көлігі өртеніп кеткен.
Апат салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құзырлы органдар жол апатының себептері мен барлық мән-жайларын анықтап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Nayza Kokshe (@nayza_kokshe)