Мазмұнға өту
qandastar.

Астана күні: елорда туралы сіз білмейтін 9 қызықты дерек

Малика Хамит · · 1 097 қаралым
Астана күні: елорда туралы сіз білмейтін 9 қызықты дерек

Бүгін Қазақстанның бас қаласы – Астана туған күнін атап өтуде.

Мерекеге орай елорда туралы бірқатар қызықты статистикалық мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астанада 1 674 699 адам тұрады. Оның ішінде 884 029-ы әйел, 790 670-ы ер адам.

Елордада жастардың үлесі басым. Қала тұрғындарының орташа жасы – 30,9 жас, ал 18 жасқа дейінгі балалар саны 545 мыңға жетеді. Оның 280 мыңы – ұл, 265 мыңы – қыз.

Статистикаға сәйкес, 2025 жылы Астанада 27,4 мың сәби дүниеге келген. Ал 2026 жылдың алғашқы бес айында 3 469 неке тіркелген.

Сондай-ақ, 2025 жылғы мәлімет бойынша елордадағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,8 жас, ал қартаю индексі – 22,9.

Қызықты деректердің бірі – Қазақстан бойынша 26 адамның есімі Астана екені айтылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp