Мазмұнға өту
qandastar.

Астана маңында екі апалы-сіңілі суға батып көз жұмды

Малика Хамит · · 517 қаралым
Астана маңында екі апалы-сіңілі суға батып көз жұмды

Ақмола облысының Қоянды ауылында қайғылы оқиға болды.

Су қоймасында шомылып жүрген екі қыз суға батып көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға 10 тамызда ауылдағы су қоймасының орталық жағажайында болған.

Полицияның мәліметінше, суда кәмелетке толмаған екі қыз батып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2015 және 2017 жылы туған апалы-сіңілі біраз уақыттан кейін ата-анасының назарынан тыс қалған. Балаларын іздеген ата-анасы құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Кейін екі қыз да су астынан табылған. Оларға дереу алғашқы реанимациялық көмек көрсетілгенімен, балаларды аман алып қалу мүмкін болмады.

Ақмола облысының полициясы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Құзырлы орган оқиғаның нақты себептері тергеу барысында белгілі болатынын хабарлады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp