Әлеуметтік желіде «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры әртістерінің бейресми жағдайда өнер көрсеткен видеосы тарады. Өнерпаздардың кәсіби орындауы желі қолданушыларының жоғары бағасына ие болды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Бейнежазбада театр ұжымы пианино сүйемелдеуімен ән орындаған. Әртістер шығарманы опералық вокалмен шебер жеткізіп, өздерінің жоғары деңгейдегі дауыс мүмкіндіктерін көрсетті.
Өнерпаздардың орындау мәнері мен музыкалық шеберлігі тыңдармандардың назарын аударған. Видеоның астына желі қолданушылары әртістердің талантына тәнті болғанын білдіріп, жылы пікірлерін қалдырған.