Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен іс-шара кезінде көпшіліктің назарын аударған ерекше сәт видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Ғимаратта болған қала тұрғындары терезеден саябаққа келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты көріп, осы сәтті бейнетаспаға түсірген. Кадрларда Президенттің серіктерімен бірге жаңадан отырғызылған ағаштар мен саябақ аумағын аралап жүргені көрінеді.
Бейнежазба
тарап, қолданушылардың назарын аударды.