Мазмұнға өту
qandastar.

Астана тұрғыны қала базарларында жалған чекпен сатушыларды алдап, пайда көрген

Бақытжан Мұса · · 1 384 қаралым
Астана тұрғыны қала базарларында жалған чекпен сатушыларды алдап, пайда көрген

Полиция мәліметінше, күдікті жалған чекті сатушыларға көрсетіп, сомасын төлемей жеміс-жидек таңдаған, дейді Qandastar.kz сайты.

Төлем жасалды деп сеніп қалған сатушылар тауарды бергенімен, ақша есепшоттарына аударылмаған.

Тергеу барысында ер адамның бұған дейін бірнеше саудагерді жалған чекпен алдағаны анықталды. Қазіргі таңда басқа да алаяқтық факторларға байланысты тергеу жүргізілуде.

Осы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция саудагерлерге тауарды бермес бұрын есепшоттарын тексеруді, соманың толықтай түскеніне көз жеткізуін сұрады. Алаяқтық фактор туындаған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласып, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жүгіне алатындарын айтты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp