Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада 10 автобустың бағыты өзгерді

bahitzhanabzal
Астанада 10 автобустың бағыты өзгерді

Елордада бірнеше автобус бағыты уақытша өзгертілді. Бұл туралы "City Transportation Systems" көлік компаниясы хабарлады, деп хабарлайды Qandastar.kz. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, уақытша өзгерістер №21, 26, 30, 32, 35, 46, 50, 53, 55А, 56, 66, 501 бағыттарына қатысты.

Жаңа қозғалыс сызбаларына қатысты толық ақпарат кейінірек нақтыланады. Алайда CTS компаниясы, әсіресе қарбалас уақытта, сапарды алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp