Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада 2028 жылы УЕФА Суперкубогы өтеді

Малика Хамит · · 12 қаралым
Астанада 2028 жылы УЕФА Суперкубогы өтеді

Қазақстан 2028 жылы футболдан УЕФА Суперкубогын қабылдайды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы УЕФА Атқарушы комитеті шешім шығарды.

Матч елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Алаңда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары кездеседі.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Астананы таңдау елдегі спорт инфрақұрылымын дамыту және УЕФА-мен ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жұмыстардың нәтижесі болған.

Федерация бұл шешімді Қазақстан футболы үшін тарихи оқиға деп бағалады.

Алдағы уақытта «Астана Арена» жаңғыртылып, инфрақұрылымы жаңартылады. Бұл стадионды УЕФА-ның ірі еуропалық финалдарға арналған талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp