Астанада 2005 жылы жасалған кісі өлтіру қылмысы 21 жылдан кейін ашылды. Бұл туралы Polisia.kz порталына сілтеме жасаған Qandastar.kz хабарлады.
ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің мәліметінше, 2005 жылы елордадан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Алайда сол кезде жеткілікті дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ашылмай қалған.
Биыл полиция қызметкерлері архивтік материалдарды қайта қарап, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Соның нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды.
Күдіктілер тамыз айында ұсталып, өз кінәларын мойындаған. Қазіргі уақытта екеуі де қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, өткен жылдардағы ашылмаған қылмыстарды тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.
[embed]https://youtu.be/I52I_Nf13po?si=ekJ2_2vMYxu5YDLu[/embed]