Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада 350 млн теңгелік мемлекеттік грантты жымқыру схемасы әшкереленді

Малика Хамит
Астанада 350 млн теңгелік мемлекеттік грантты жымқыру схемасы әшкереленді

Астанада ғылыми жобаны жүзеге асыруға бөлінген мемлекеттік грант қаражатын жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Мемлекетке келтірілген шығын 297 млн теңгеден асқан.

ҚМА мәліметінше, 2023 жылы жеке кәсіпкер «Ғылым қорынан» өсімдік майын қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру үшін 350 млн теңгеге дейін грант алған. Алайда қаражаттың бір бөлігі бақылаудағы компаниялардың шоттары арқылы басқа мақсаттарға жұмсалған.

Жоба аясында үш өндірістік желі орнатылуы тиіс болғанымен, талапқа сай келмейтін екі қондырғы ғана сатып алынған. Өндіріс іске қосылмай, дайын өнім шығарылмаған.

Бұдан бөлек, жобаны бақылауға жауапты мекеме қызметкері анықталған заңбұзушылықтарды жасырғаны үшін 1,7 млн теңге заңсыз сыйақы алған деген күдікке ілінді.

Қазір екі күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен алты автокөлікке, пәтерге және жабдықтарға тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp