Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада 55 жастағы ер адам әйелін пышақтап, кейін өзіне қол жұмсаған

Малика Хамит · · 19 қаралым
Астанада 55 жастағы ер адам әйелін пышақтап, кейін өзіне қол жұмсаған

Астанада ерлі-зайыптының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды

порталы.

Қайғылы оқиға отбасындағы жанжалдан кейін болған.

Полицияның мәліметінше, 55 жастағы ер адам жанжал кезінде 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған. Кейін ол өзіне қол жұмсаған.

Ерлі-зайыпты алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Адам өлтіру және өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
деп хабарлады полиция.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай 12 және 14 жастағы екі баланың көз алдында болған. Бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp