Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада 7 мың кітаптан 8 метрлік мұнара салынды

Малика Хамит
Астанада 7 мың кітаптан 8 метрлік мұнара салынды

Астанадағы мектептердің бірінде жеті мың кітаптан сегіз метрлік ерекше мұнара жасалды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бір қарағанда қарапайым құрылыс сияқты көрінгенімен, оның ішінде оптикалық иллюзия жасырылған.

Бұл ерекше арт-нысан №12 орта мектепте бой көтерді. Жобаның авторы – педагог Жарқынәлі Ошаев. Ол бұған дейін де түрлі қолөнер туындыларымен көпшіліктің назарын аударған.

Бұл жолы мұғалім 7 мың кітапты пайдаланып, биіктігі 8 метр болатын мұнара құрастырған. Оның басты ерекшелігі – ішіне қараған адамға мұнараның ұшы шексіздікке созылып жатқандай әсер береді.

Мұндай әсер еден мен төбеге орнатылған айналардың көмегімен жасалған. Соның арқасында мектептің үлкен залындағы құрылым көзге қарағанда әлдеқайда биік болып көрінеді.

Автордың айтуынша, жобаның негізгі идеясы – кітаптың адамзатқа шексіз білім мен ақпарат әлемінің есігін ашатынын көрсету.

Айта кетейік, мұнараны тұрғызуға қажетті кітаптарды мектеп мұғалімдері мен оқушылары өздері жинаған. Жобаны жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік талаптары да толық ескерілген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp