Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада 7 жастағы бала пышақпен балаларды қорқытқан

Малика Хамит · · 1 024 қаралым
Астанада 7 жастағы бала пышақпен балаларды қорқытқан

Астанада көшеде қолына пышақ ұстап жүрген 7 жастағы баланың әрекеті тұрғындарды алаңдатты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралып, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Желі қолданушыларының мәліметінше, бала аулада жүрген өзге балаларды үркітіп, қолындағы пышақпен қорқытқан.

[video width="480" height="640" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/04/VID_20260422_101153_863.mp4"][/video]

Бұл жағдай маңайдағы тұрғындардың алаңдаушылығын тудырған.

Полиция қызметкерлері жедел түрде тексеру жүргізіп, кәмелетке толмаған баланың жеке басын анықтады.

Белгілі болғандай, оның заңды өкіліне баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеліп, айыппұл салынды.

Сонымен қатар, оқиғаға қатысты жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жолданды.

Құзырлы органдар ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, олардың мінез-құлқы мен бос уақытын бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.

[video width="480" height="640" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/04/VID_20260422_101201_618.mp4"][/video]

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp