Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада әйелге күш көрсеткен ер адам ұсталды

Бақытжан Мұса · · 1 590 қаралым
Астанада әйелге күш көрсеткен ер адам ұсталды

Астанада тұрғындар ер адамның әйелге күш көрсетіп жатқан сәтін видеоға түсіріп алған. Оқиға «Саржайлау» тұрғын үй кешенінің маңында болғаны айтылды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Nur.kz  порталына сілтеп хабарлады.

Бұл жағдайға байланысты Астана қалалық полиция департаменті түсініктеме беріп, оқиғаның отбасылық жанжал екенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, 34 жастағы ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Тергеу барысында оның әйеліне күш қолданғаны анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ оған жәбірленушімен байланысуға тыйым салатын қорғау ұйғарымы шығарылған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция кез келген заң бұзушылық жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, азаматтарды мұндай жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp