Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада әскерге бара жатқан сарбаз сүйіктісіне ұсыныс жасады

bahitzhanabzal
Астанада әскерге бара жатқан сарбаз сүйіктісіне ұсыныс жасады

Астанада әскери ант қабылдау рәсімі кезінде ерекше оқиға болды. 5573 әскери бөлімінде өткен салтанатты жиында жас сарбаз Алмас Абдрахов 700-ден астам сарбаздың және мыңдаған қонақтың көзінше сүйіктісі Томириске үйлену туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара барысында әскери бөлім командирі Жандар Ешірбеков сөз сөйлеп, әскери анттың әрбір сарбаз үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Әскери ант - жай ғана сөз емес, ол Отанға, халыққа, ата-анаға деген адалдықтың айқын көрінісі. Сіздер артылған сенімді ақтап, Ұлттық ұлан жауынгеріне лайықты қызмет атқарады деп сенемін
деді ол.

Енді Алмас Абдрахов бастаған жас жауынгерлер елорда көшелерінде және маңызды іс-шаралар кезінде жауынгерлік қызмет атқаруға кіріседі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp