Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада автобуспен жүру қымбаттайды: жаңа тарифтер бекітілді

Малика Хамит 14 қаралым
Астанада автобуспен жүру қымбаттайды: жаңа тарифтер бекітілді

Астанада қоғамдық көлік пен қала маңындағы автобустардың жолақысы өзгереді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қала әкімдігі жолаушылар тасымалына арналған жаңа тарифтерді бекітті. Өзгерістер қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлем түрлеріне қатысты болады.

Жаңа қаулы 2026 жылғы 14 қазанда жарияланды. Құжатқа сәйкес, тарифтер ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Жаңа тарифтер қандай болады?

- Қалалық автобустар: қолма-қол ақшасыз төлем кезінде – 150 теңге, қолма-қол төлем кезінде – 300 теңге.

- Экспресс-автобустар: төлем түріне қарай 300 және 400 теңге.

- Қала маңындағы автобустар: әр шақырым үшін 13 теңге немесе 19 теңге.

- Әлеуметтік маңызы бар бағыттар: қолма-қол ақшасыз төлем – 150 теңге, қолма-қол төлем – 300 теңге.

Жеңілдік картасын пайдаланатын жолаушылар үшін тегін жол жүру мүмкіндігі сақталады.

Осылайша, жолаушылар үшін төлем тәсіліне қарай жолақы мөлшері әртүрлі болады. Сондықтан қоғамдық көлікте жиі жүретін тұрғындарға сапар алдында қолданыстағы тариф пен жеңілдік шарттарын ескерген жөн.

Бөлісу: Telegram WhatsApp